Ұстаздар күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Ұстаздар күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Бүгін “Достық” балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығында Ұстаздар күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кешке қала әкімі Ахметов Мансұр Талғатұлы, Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің басшысы Касимова Гуля Кенесовна қатысып, ұлағатты ұстаздарды Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапаттады. Ұстаздарға сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік атмосфера ерекше сәнге бөленді. Қаламыздың жас әншілері мен бишілері өз өнерлерін паш етсе, мектеп ұжымдары хор орындап, флешмоб биледі. Кештің шарықтау шегінде эстрада жұлдызы Мәди Ахметқожа әсем әндерімен көпшілікті қуанышқа бөледі. Бұл мереке – ұстаздардың еңбегін бағалау, құрмет көрсету және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға арналған ерекше күн. Ұстаз – жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, болашақтың жарқын жолын айқындайтын тұлға. Барша ұстаздарға қажырлы еңбектері үшін шексіз алғыс білдіреміз!
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас қуат және шығармашылық табыс тілейміз!