
2025 жылғы 18 қыркүйекте VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты. Бірлескен отырыста төмендегі мәселелер қарасытырылды:
1.Қаланың 2025-2026 жылдардағы қысқы жылу беру мерзіміне дайындығы туралы есебі;
2.Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстары бойынша есебі;
3.Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі;
4.Қала аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың орындалысы туралы есебі.
Отырыста барлық мәселелер бойынша жан-жақты талқылаулар жүргізіліп, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қорытындысында бірлескен тұрақты комиссия отырысы тиісті ұсынымдар беріліп, Күн тәртібіндегі барлық мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясында қарастырылуға ұсынылды.