Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы 2025 жылдың 25 қыркүйегінде өтетін кезекті XXXII сессиясында қаралатын Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есебін нақты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат төрағасының арнайы бекіткен уақытша жұмыс комиссиясымен тексеруге барды. Тексеру барысында әкім аппаратының басшысы А.Т.Рахимбаева мен Приозерск қаласының әкім аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы Л.Н. Жаймаева жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жоспарымен және де басқа атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып өтті. Тұрақты комиссия тексеруді қорытындылай келе өз пікірлерін білдіріп, алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына есептерін толықтыруларын ұсынды.Комиссияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты арттыру және тиімді бақылау жүйесін құруға бағыттау.