Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылау мақсатында қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлерімен жиын өткізді. Жиын барысында Алтай Нәсіпбекұлы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға тоқталып, цифрландырудың, жаңа технологияларды енгізудің және жасанды интеллектіні қолданудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін ерекше атап өтті. Қатысушылар сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесудің қорытындысында қалалық мәслихат төрағасы әріптестерін Президент белгілеген жаңа бағыттарды іске асыруға белсене атсалысуға, халыққа қызмет көрсетуде тиімділікті арттыруға және цифрлық өзгерістерге бейімделуге шақырды.