Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары қазандықтың 2025-2026 жылдарға жылу маусымына дайындық жұмыстарын көріп қайтты. Қазіргі таңда «Алмаз LTD» ЖШС №2 және №3 қазандықта, №3 жылу алмастырғышқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «БизнесТехМонтаж» ЖШС №5 экономайзерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалу мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің ұсыныстары бойынша «БизнесТехМонтаж» ЖШС қазандықтың электртаратқыш қалқанын жөндеуде. Өткен жылғы жылу маусымында қазандықтың шатырынан су ағуына байланысты кемшіліктерді жою мақсатында «AKSHATAU» ЖШС қазандықтың шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша келісім шарт жасалып жөндеу жұмыстары басталды. Жылу маусымына дайындық барысы қалалық мәслихат депутаттарының назарында болады.