Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезекті XXXII сессиясы 2025 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00- де тікелей трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді
Сессия күн тәртібінде:
1. Приозерск қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттемелердің орындалуы туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласының әкімі);
2. Қаланың 2025-2026 жылдарға қысқы жылу беру мерзіміне дайындығы туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласы әкімінің орынбасары);
3. Приозерск қаласында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есебі (баяндаушы: Приозерск қаласы әкімі аппараты);
4. Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі (баяндаушы: Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы);
5. Қала аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралардың орындалысы туралы есебі (баяндаушы: «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Приозерск қалалық аумақтық инспекциясы)
6. Әртүрлі мәселелер.
Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев