2025 жылғы 5 қыркүйекте VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің міндетін атқарушы Айдарханов Темірхан Айдарханұлы, сондай-ақ қалалық мекемелердің басшылары қатысты. Сессияда бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Приозерск қалалық прокуратурасының 2025 жылғы 21 тамыздағы ұсынымын орындау мақсатында, бюджет заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшін, қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы «2025–2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, қала әкімі мен сайлау комиссиясының ұсынған өзге де мәселелері қаралды. Барлық қаралған мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешімдер қабылданды.