Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЫ

Сайлау комиссияларының бос орнына комиссия мүшелерін сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

 Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының сессиясында 2 округтік, 6 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 8 мүше сайланды, олардың ішінде: округтік -2,  учаскелік сайлау комиссияларына - 6.

Үш саяси партия мен бір қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары бойынша 6 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына 6 сайлау комиссиясының мүшесі немесе сайланған мүшелердің жалпы санының 10,9% сайланды. Бір партия мен бір қоғамдық бірлестіктен 2 округтік сайлау комиссиясының құрамына 2 мүшесі немесе 3,6% сайланды.

Сайлау комиссияларының құрамы мен орналасқан жерлері туралы мәліметтерді Сіздердің назарларыңызға жеткізіп отырмыз.

 

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихаты

«Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №24/200 «Приозерск қалалық округтік сайлау комиссиясының құрамын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 05 қыркүйектегі XXXI кезектен тыс сессиясының №31/235 шешімі.

№ 3 округтік сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 6, «Мәдени сауықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынының ғимараты

1) комиссия құрамынан Онербекова Гаухар Сериковна шығарылсын;

2) комиссия құрамына Ауесбаева Сымбат Сериковна сайлансын.

№ 6 округтік сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 20, «Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1) комиссия құрамынан Болатова Сабира Болаткызы шығарылсын;

2) комиссия құрамына Әшім Айгерім Абілхайырқызы сайлансын.

 

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихаты

«Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсанындағы №13/95 «Приозерск қалалық учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 05 қыркүйектегі XXXI кезектен тыс сессиясының №31/236 шешімі.

№ 226 сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Транспортная көшесі, 19, «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының ғимараты

1) комиссия құрамынан Танатарова Сымбат Шералықызы шығарылсын;

2) комиссия құрамына Сүйіндік Бекжан Жарқынұлы сайлансын.

№ 227 сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 20, «Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіның ғимараты

1) комиссия құрамынан Ергалиев Амирхан Батырханұлы шығарылсын;

2) комиссия құрамына Әбдірейім Қанағат Рахатұлы сайлансын.

№ 232 сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Космонавтар көшесі, 2, «Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты

1) комиссия құрамынан Райимбаев Ерхан Донобаевич шығарылсын;

2) комиссия құрамына Купяшаров Асылбек Жуломанович сайлансын.

№ 234 сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Космонавтар көшесі, 2, «Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты

1) комиссия құрамынан Амангельді Назира Амангельдіқызы шығарылсын;

2) комиссия құрамына Садуакасова Аккенже Избасаровна сайлансын.

№ 235 сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі, 11А, «Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1) комиссия құрамынан Қазыбай Ұлан Бахтиярұлы шығарылсын;

2) комиссия құрамына Анарбеков Нурсултан Адилбайулы сайлансын.

№ 236 сайлау комиссиясы

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі, 11А, «Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

1) комиссия құрамынан Зонгбаев Бауржан Толибекович шығарылсын;

2) комиссия құрамына Калдыбаев Бексултан Аскарұлы сайлансын.

 

Приозерск қалалық мәслихаты