2025 жылғы 22 тамызда мәслихат депутаттары Жеңіс бульвары, 28 мекенжайында орналасқан тұрғын үй ауласында салынып жатқан балалар ойын алаңына барып мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта балалар алаңының аумағы толықтай тегістеліп бетон құйылған және ойын элементтері толық орнатылып болғаннан кейін тартан жабындысымен жабылады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы құралдармен жабдықтау қарастырылған. Балалар алаңында үш тұрғын үй жағынан шығатын жолдар салынған, бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ойын алаңы толықтай қоршалған. Балалар алаңының құрылысы осы айдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.Аталған нысандағы жұмыстар құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілуде және толық аяқталғанға дейін қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында болады.