Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Достық 1 және Пушкин көшесі 5 мекенжайларындағы тұрғын үйлердің аулаларында салынып жатқан балалар ойын алаңдарының құрылыс жұмыстарымен танысты. Достық 1 мекенжайындағы тұрғын үй ауласында қазіргі таңда 4 ойын элементі орнатылған. 21 шаршы метр аумаққа брусчатка төселіп, ойын алаңы жасанды газонмен жабдықталған. Балалар қауіпсіз және жайлы ойнай алуы үшін алаң толықтай қоршалады. Ал Пушкин көшесі 5 мекенжайындағы тұрғын үй ауласында салынып жатқан ойын алаңының 324 шаршы метр жасанды газон төселген. Тұрғындардың өтініші бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған екі арнайы ойын элементі де орнатылатын болады. Қалалық мәслихат депутаттары құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстайтындарын атап өтті.