2025 жылғы 25 шілдеде мәслихат депутаттары “Ашық есік” күнін өткізді. Іс-шараға келген Космонавтов көшесі 5-үйдің тұрғыны тұрғын үйдің сыртын қаптау, шатырын ауыстыру және подъездегі электр сымдарын жаңарту мәселелерін көтерді. Мәслихат депутаттары айтылған мәселелерді назарға алып, тиісті мекемеге депутаттық сауал жолдайтынын айтты. Сонымен қатар, депутаттар мәселені өз бақылауына алатынын және орындалу барысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.