Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен қалалық мәслихат депутаттарының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Металлургия – ұлттық экономиканың басты саласының бірі, мұнда өз ісіне шын берілген, қажыр-қайраты мол, жауапкершілігі жоғары жандар еңбек етеді.
Металлургия саласындағы мамандардың еңбексүйгіштігі, қайсарлығы және табандылығы зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.
Сіздер өз жұмыстарыңыз арқылы Қазақстанның экономикалық әл-ауқатының артуына сүбелі үлес қосып келесіздер.
Қажырлы еңбектеріңіз бен асқан шеберліктеріңіз алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне септігін тигізе беретініне сенімдімін.
Сіздерге және отбасыларыңызға мол табыс, дендеріңізге саулық және бақыт тілеймін!»
Құрметпен,
Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев