Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары 2025-2026 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық барысымен танысты.

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары 2025-2026 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық барысымен танысты.

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес өкілдерімен бірге 2025–2026 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты. Қалалық қазандық пен жылу желілерін жаңарту учаскесіне арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көріп қайтты. Қазіргі таңда №1 магистральдық желінің 1 шақырым жылу құбырлары ауыстырылып жатыр. Ауыстырылып жатқан құбырлардың диаметрі — 426 миллиметр, ал қалыңдығы — 8 миллиметр. Жөндеу жұмыстары №1 магистральдан бастап, қалалық қазандыққа дейінгі аралықты қамтиды. Бұл жұмыстарға екі арнайы техника жұмылдырылған. Қазандықта да ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, №5 қазандық пеші толық дайын, №4 қазандық пешін жауапты мердігер кепілдік шартына сәйкес тазартып береді. Түтін мұржасы түгелдей тазартылып, қазандық фильтрлері жұмысқа толық дайын. Сонымен қатар, 4 экономайзер дайын күйде тұр. Барлық түтінсорғыштар тазаланған. №4 жылу алмастырғышта кепілдік шартымен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, ал №3 жылу алмастырғыш жаңасына ауыстырылады. Жылу жүйесі үшін қажетті техникалық тұз толық жеткізілген. Қалалық мәслихат депутаттары алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.