
Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық кеңес өкілдерімен бірге қала тұрғындарының өтініштері бойынша қалалық жағажайдың жай-күйімен танысты. Тексеру барысында бүлінген тротуар жолдарының қайта қалпына келтірілетіні және жөндеу жұмыстары келесі аптада басталатыны айтылды. Жағажай аумағындағы жасыл желектерді суару жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары шөптер егілген аумақтарға қосымша газон отырғызу және тозығы жеткен жасанды газонды алып тастау жөнінде ұсыныс жасады. Жағажайдың санитарлық тазалығы да назардан тыс қалған жоқ. Депутаттар жағажайдағы қоқыстарды уақытылы тазалап отыруды және санитарлық талаптардың сақталуын тапсырды. Жағажайдағы дәретхананың жай-күйі де тексеріліп, оның сыртына жарық шамдарын орнату бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырма берілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарынан Космонавтов көшесі 3 үйдің алдында орналасқан терең шұңқырға қатысты өтініш келіп түсті. Бұл мәселе де назарға алынып, қалалық мәслихат депутаттары аталған шұңқырды топырақпен толтырып, тығыздау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Қалалық мәслихат депутаттары тұрғындардан келіп түскен әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, олардың орындалу барысын бақылауда ұстайтындарын жеткізді.