2025 жылдың 4 шілдесінде Приозерск қалалық мәслихатының кезектен тыс XXX сессиясы өтті. Сессияда 2025 жылға қала бюджетін нақтылау сұрағы қарастырылды. Қала тұрғындарынан түскен барлық өтініштері мен ұсыныстарын ескере отырып, бюджеттің мүмкіндігінше қанағаттандырылды. Бірінші кезекте кезек күттірмейтін мәселелерге қаржы қарастырылды. Атап айтқанда 2025–2026 жылдарға жылу маусымына дайындық барысына, тұрғындардың өтініші бойынша Гвардейская және Алаш көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, қаладағы автомобиль жолындағы шұңқырларды ағымдағы жөндеу, Абай көшесі 17/3 үйінің тұрғындарының өздері ұйымдастырып жөндеу жұмыстарын жасаған подъездің терезелерін ауыстыру, Сарыарқа 1 тұрғын үйінің қасбетін ағымдағы жөндеу, Космонавтов көшесі 9/2 тұрғын үйінің қасбетін бояуға, Абай көшесі 25/2 тұрғын үйінің шатырын ағымдағы жөндеуге қаражат қарастырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда 53 мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторий – курорттық емдеуге жіберу, 12 адамға коммуналдық қызметтерді төлеуге және отын сатып алуға біржолғы материалдық көмек көрсетуге қаражат қарастырылды. Сессия қорытындысы бойынша депутаттар барлық ұсынылған мәселелерді бірауыздан қабылдап, тиісті шешім қабылдады.