Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!
Мемлекеттік мереке – Астана күніне орай қалалық мәслихат депутаттарының атынан жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Астана - қысқа мерзім ішінде елорда қарқынды дамып келе жатқан мегаполиске, егемен мемлекеттің, көп ұлтты халықтың бірлігінің символына айналған барлық қазақстандықтардың мақтанышы.
Айтулы мерекеде сіздерге және отбасыларңызға мықты денсаулық, ұзақ әрі бақытты ғұмыр тілейміз!
Астанамыз жылдан-жылға көркейіп, егемендігіміз тұғырлы, елдігіміз баянды болсын!
Құрметпен,
Приозерск қалалық мәслихат депутаттары.