Приозерск қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессиясы

Приозерск қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессиясы

2025 жылғы 25 маусым күні VIII шақырылған Приозерск қалалық мәслихатының кезекті XXIX сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына қала әкімі Ахметов Мансур Талғатұлы, қала әкімінің орынбасарлары Айдарханов Темірхан Айдарханұлы және Алмас Ұлан Алмасұлы, сондай-ақ қаладағы мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.Сессия барысында төмендегі маңызды мәселелер қаралды:
1. 2024 жылғы қалалық бюджеттің игерілуі мен орындалуы туралы есеп. Есепте 2024 жылғы қалалық бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалу деңгейі, бөлінген қаражаттың мақсатты әрі тиімді игерілуі, мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері және бюджет қаражатын пайдалану барысында туындаған проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды;
2. Әлеуметтік осал топтардағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету туралы есеп. Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету барысы, жалдамалы және коммуналдық тұрғын үйлерді бөлу, сондай-ақ “Нұрлы жер”, “Бақытты отбасы” сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды;
3. Қаладағы спорт саласын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп. Спорт инфрақұрылымын дамыту, бұқаралық спортты қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар, мектеп және аула спортының дамуы туралы нақты мәліметтер берілді;
4. Жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп. Есепте жастар ұйымдарының белсенділігін арттыру, волонтерлік қызметті дамыту, NEET санатындағы жастармен жүргізілген жұмыстар және жастарға арналған әлеуметтік жобалар мен іс-шаралардың іске асырылуы баяндалды;
5. 2025–2026 оқу жылына дайындық барысы туралы есеп. Баяндамада қалалық мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, материалдық-техникалық базаны нығайту, жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі және оқулықтармен жабдықтау мәселелері қамтылды;
6. Әр түрлі мәселелер.
Сессия қорытындысы бойынша депутаттар барлық ұсынылған мәселелерді бірауыздан қабылдап, тиісті шешімдер қабылдады.