Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шара

Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және мәслихат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік қызмет саласында ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту.

Кездесуге арнайы шақырылған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының” басшысы Ролан Мәжітұлы Қабдыкешов және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың спикері Жомарт Сүлейменұлы Әбішев қоғамда парасаттылық қағидаттарын нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мазмұнды баяндама жасады.

Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, пікір алмасты. Мұндай кездесулер адалдық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға оң ықпал етеді.