Тарихқа тағзым, болашаққа бағдар: Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Тарихқа тағзым, болашаққа бағдар: Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Бүгін Германиядағы Кеңес әскері тобы мен Варшава келісім шартының әскери тобы құрылғанына 80 жыл толуына орай Приозерск қалалық мәслихатының мәжіліс залында арнайы іс-шара өтті. Іс-шараға қалалық мәслихат төрағасы Алтай Нәсіпбекұлы, 44841 және 60601 әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері мен ардагерлер қатысты. Ардагерлер мәслихат төрағасы мен қоғамдық бірлестіктің Приозерск қалалық филиалы директорының Алғыс хаттарымен марапатталып, Германиядағы Кеңес әскері тобы мен Варшава келісімінің әскери тобы құрылғанына 80 жыл толуына орай арнайы мерейтойлық медальдар табысталды. Қалалық мәслихат төрағасы Алтай Нәсіпбекұлы әскери борышын абыроймен атқарған ардагерлердің еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қажырлы еңбегі мен бейбітшілікке қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Жас ұрпақтың тәрбиесі үшін қоғамдық бірлестік пен қалалық мәслихаттың бірлесе жұмыс істеуге әрдайым дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, бұл іс-шара жас буынға патриоттық тәрбие беріп, ел тарихына деген құрметті нығайтуға бағытталған маңыздылығын бағалады. Сөз соңында қоғамдық бірлестіктің Приозерск қалалық филиалының директоры Талғат Маратұлы алдағы атқаратын жұмыстармен және жоспарлармен бөлісті.