Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай “Жартылай марафон” - челендж акциясы өтті.
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған “Жартылай марафон” – челлендж акциясына мәслихат қызметкерлері белсене қатысты. Қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында орталық алаңға дейін жүгіріп өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қарсы күресте қоғамның белсенділігін арттыру және жастарды спортқа баулу арқылы зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.