Қалалық мәслихаттың VIII шақырылған депутаттарының кезекті XXIX сессиясы 2025 жылдың 26 маусымында сағат 15.00- де онлайн трансляциялау арқылы қалалық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді
Сессия күн тәртібінде:
1.2024 жылғы қалалық бюджеттің игерілуі мен орындалуы туралы есебі(баяндаушы: «Приозерск қаласы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.);
Қосымша: Приозерск қаласының 2024 жылғы қалалық атқарылуы туралы қорытындысы(баяндаушы: Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.)
2.Әлеуметтік осал топтардағы адамдарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебі («Приозерск қаласының тұрғын-үй қатынастары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі);
3.Приозерск қаласындағы спорт саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі («Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі);
4 Приозерск қаласында жастар саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі («Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі);
5.Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есебі (Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі);
6.Әртүрлі мәселелер.
Қалалық мәслихат төрағасы А.Исатаев