Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2025 жылдың 28 мамыр күні Приозерск қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібі бойынша қаралған мәселелер:
1. Денсаулық сақтау мақсатындағы 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы және 2025 жылға арналған негізгі бағыттар мен міндеттер туралы (Баяндамашы: Приозерск қалалық орталық ауруханасы басшысы М.Мираманов.)
2. Қаланың стратегиялық объектілерін (№1 қазандық, №2 су құбыры, №1,2,3 КНС, инженерлік құбырлар) қысқы 2025-2026 жылдың жылу маусымына жоспарлық дайындығы туралы (Баяндамашы: «Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.Каскатаев.)
3. Жер қатынастар, сәулет және қала құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер туралы (Баяндамашы: «Приозерск қаласының жер қатынастар, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы С.Букпантаев.)
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті сала басшыларынан нақты жауаптар алды.