Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Абай көшесінде жүргізіліп жатқан суық су желісін жаңарту жұмыстарымен танысты

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Абай көшесінде жүргізіліп жатқан суық су желісін жаңарту жұмыстарымен танысты

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Абай көшесінде жүргізіліп жатқан суық су желісін жаңарту жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жұмысты «Алмаз LTD» ЖШС атқаруда. Суық су құбырын ауыстыру аясында диаметрі 300 миллиметр болатын, жалпы ұзындығы 350 метр болатын су құбыры толығымен жаңасына ауыстырылады. Қазу барысында бүлінген тротуарлар толықтай қалпына келтіріледі. Приозерск қалалық мәслихат депутаттары мердігерге құбыр ауыстыру жұмыстарын жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды, орындалу сапасына жіті назар аударуды және құрылыс жүріп жатқан аймақта жол қозғалысына қатысушылар үшін арнайы ескерту белгілерін орнатуды тапсырды. Суық су құбырларын ауыстыру жұмыстары қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында болады.