Қамқорлық - басты назарда!

Қамқорлық - басты назарда!

Приозерск қалалық мәслихат төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлының «AMANAT» партиясы аясындағы қоғамдық қабылдауында қала тұрғыны Калилаева Бахтыгүл Кумарқызы күнделікті өмірге қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз етуді сұраған болатын.
Өтініш назардан тыс қалмай, қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен тоңазытқыш табысталды.
Өз кезегінде Бахтыгүл Кумарқызы көрсетілген қамқорлық үшін мәслихат депутаттарына алғысын білдірді.