Қарағанды облысы Білім басқармасы Приозерск қалалық білім бөлімінің №2 жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау салтанатты түрде өтті. Мектеп түлектері үшін бұл күн ерекше толғанысты сәтке айналды. Іс–шара барысында жас түлектер дәстүрлі мектеп вальсін билеп, шығармашылық қойылымдар көрсетті. Жас түлектердің соңғы қоңырауына қалалық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясы Приозерск қалалық филиалының төрағасы Дүйсембаев Дулат Орынбасарұлы және Бердімұратов Әділбек Алпысбайұлы арнайы қатысып, оқушыларға ақ жол тіледі. Іс-шара аясында Дулат Орынбасарұлы Астана қаласында өткен республикалық пәндік олимпиадада 7–8 сынып оқушылары арасында жүлделі 3–орынға ие болған Лаура Бекқызы және оның ұстазы Алина Саятқызы қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен марапаттады. Бұл жеңіс – табандылық пен білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Салтанатты іс–шара барысында ата-аналар жас түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, болашақ жолдарына сәттілік тіледі. Мереке соңында мектеппен қоштасқан түлектер соңғы рет вальс билеп, соңғы қоңырау үні естілді.