Бүгін қала әкімі орынбасары Айдарханов Темірхан Айдарханұлының төрағалығымен, қалалық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және коммуналдық сервистік мекеме өкілдерінің қатысуымен Абай көшесі 9 үй тұрғындарымен жиын өтті. Жиын барысында тұрғындар жылу маусымында үйдің салқын болуын, тұрғын үйдің жай күйі, балалар ойын алаңдарын жөндеу және кәрі ағаштарды кесу мәселелерін көтерді. Қала әкімінің орынбасары тұрғындарға заң аясында түсініктеме беріп, аталған мәселелерді шешу үшін тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Көтерілген сұрақтардың орындалысы қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында болады.