Депутаттар Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Депутаттар Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

2025 жылғы 21 мамыр күні мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Приозерск қалалық мәслихатының төрағасы Исатаев Алтай Нәсіпбекұлы және қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Бердімұратов Әділбек Алпысбайұлы мәдени демалыс орталығы мен қалалық кітапхана ұжымына арнайы барып, қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қаламыздың мәдени дамуына үлес қосып жүрген сала ұжымына Алғыс хат табысталып, гүл шоқтарын сыйлады. Мәслихат төрағасы Алтай Нәсіпбекұлы мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың қаланың мәдени өміріндегі маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар шығармашылық табыс пен алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.