Құрметті Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті Мәдениет және өнер қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді қалалық мәслихат депутаттарының атынан кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.
Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Сіздер қаламыздың әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек атқарып келесіздер. Сіздерге деген алғысымыз шексіз.
Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!
Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мәдениетіміздің қазынасына қосқан шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Құрметпен,
Қалалық мәслихат депутаттары.