Жеңіс бульвары бойындағы тротуар жұмыстары жоспарға сай атқарылуда

Жеңіс бульвары бойындағы тротуар жұмыстары жоспарға сай атқарылуда

Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес өкілдерімен бірге Жеңіс бульвары бойындағы тротуар төсеу жұмысымен танысып қайтты. Мердігер – «Бизнестехмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыс жергілікті бюджеттен қаржыландырылған. Қазіргі таңда құрылысқа 4 жұмысшы мен 2 арнайы техника жұмыс істеуде. Қалада жалпы көлемі 600 шаршы метр тротуар төселеді деп жоспарлануда. Жұмыс барысында үш түстен сапалы тротуар материалдары қолданылады. Құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сай жүргізілуде. Құрылыстың сапалы әрі уақытылы аяқталуы қалалық мәслихат депутаттарының бақылауында болады.