2025 жылдың 29 сәуірінде Нұра аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясының отырысы өтті. Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 130 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 131 «2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округіндегі Қарақасқа ауылын құру (ауыл мәртебесін қалпына келтіру) туралы ұсынысты Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының қарауына енгізу туралы.
4. Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.