Нұра аудандық мәслихатының кезекті XХ сессиясы

Нұра аудандық мәслихатының кезекті XХ сессиясы

2025 жылдың 27 наурызында Нұра аудандық мәслихатының кезекті ХХ сессиясының отырысы өтті. Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

 

  1. Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 130 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 131 «2025-2027 жылдарға арналған ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының өзіне жүктелген міндеттерін орындау туралы есебі.
  4. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын 2025 жылы ұсыну туралы.
  5. Қарағанды облысының Нұра ауданында шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы.
  6. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  7. Нұра ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  8. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  9. Аудандық мәслихаттың 2025 жылдың ІІ тоқсанына жұмыс жоспарын бекіту туралы.