2024 жылдың 25 желтоқсанныңда Қарқаралы аудандық мәслихатының отызыншы сессиясы өткізілді.
Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Қылмыстық жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы орган жанындағы консультациялық-кеңесші органның есебі», «Аудандағы жастар саясаты туралы» және басқа да мәселлер қаралып, тиісті шешімдер бекітілді.
Сонымен қоса аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қ.Ахмадиевтің «2024 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қарқаралы аудандық мәслихатының бірмандаттық №1 Мәди сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына тағайындалған сайлау қорытындысы туралы» хабарламасы тыңдалып, №1 Мәди сайлау округіне сайланған М.Мубараковқа депутаттық куәлік пен төсбелгі тапсырылды.