Сегізінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы ШЕШІМІ

Сегізінші  шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы  ШЕШІМІ

Сегізінші  шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының

               кезектен тыс тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

                                                    №9  ШЕШІМІ

 

 

Қарқаралы қаласы                                                       8 қыркүйек 2023 жыл

 

 

Аудандық мәслихаттың

кезектен тыс тоғызыншы

сессиясын шақыру туралы

 

  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағы негізінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясы 2023 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 15.00-де «ZOOM» платформасы арқылы шақырылсын.
  2. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс тоғызыншы сессиясының қарауына  келесі мәселе  ұсынылады:
  • Қарқаралы ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
  • Аудандық мәслихаттың 2019 жылдың 15 наурызындағы «Жер комиссиясының құрамын және Ережесін бекіту туралы» №VІ-41/352 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы
  • «Қарқаралы ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қарқаралы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 09 қарашадағы №VІІ-11/86 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Аудандық мәслихат төрағасы                                      С.Оспанов