Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер, 12 округтік және 2 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер, 12 округтік және 2 учаскелік сайлау  комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық мәслихаты аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу,   12 округтік және 2 учаскелік сайлау  комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Сайлау туралы Конституциялық Заңының 15-1-бабына сәйкес, округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ға дейін.

  Қарақаралы аудандық мәслихаты

 

Қарақаралы аудандық мәслихаттың хатшысы – Нүркенов Сләмиден Камашұлы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қарқаралы қаласы,  Т.Әубәкіров көшесі, 23 үй.

Жауапты адам – ​​Кабиров Жандос Еркинович, каб. № 21, қалааралық телефон коды (87146), қызметтік телефон-факс 32941, электрондық пошта мекенжайы rai_mas@mail.ru

 

Қарқаралы аудандық мәслихаты 1 аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссияларының бос тұрған орнына, 12 округтік және 2 учаскелік сайлау  комиссияларының құрамына  мүшелерін сайлайды:

 

№ р/б

Сайлау учаскесінің нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4


Аудандық сайлау комиссиясы

 

1.

Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 23, 2-кабинет

1

 

Қарқаралы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссиялары - 12

1.        

№ 1 Мәди сайлау округі

 

Қарқаралы қаласы, «Қарқаралы қаласының Мәди Бапиұлы атындағы № 44 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдык мемлекеттік мекемесі, Мәди көшесі, 1 үй;

 

5

2.        

№ 2 Әубәкіров сайлау округі

 

Қарқаралы қаласы, «Шолпан Жандарбекова атындағы Қарқаралы қаласының Мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Т. Әубәкіров көшесі, 38 үй;

5

3.        

№ 3 Жәнібеков сайлау округі

 

Қарқаралы қаласы, «Қарқаралы қаласының академик О.А. Жаутыков атындағы жалпы білім беретін № 1 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жәнібеков көшесі, 38 үй;

5

4.        

№ 4 Абай сайлау округі

 

Қарқаралы қаласы, «Балалар және жас өспірімдер орталығы», коммуналдық мемлекеттік мекемесі В.Рей көшесі, 50 үй;

5

5.        

№ 5 Металлург сайлау округі

 

Қарағайлы кенті, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жалпы білім беретін № 16 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 19-квартал, 20А үй;

5

6.        

№ 6 Мектеп сайлау округі

 

Қарағайлы кенті, «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жалпы білім беретін № 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ленин көшесі, 46 үй;

5

7.        

№ 7 Қазыбекби сайлау округі

 

Егіндібұлақ ауылы, Егіндібұлақ ауылының «Мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Мәди көшесі, 14 үй;

5

8.        

№ 8 Бесоба сайлау округі

Тегісшілдік ауылы, Тегісшілдік ауылының клубы, Т.Әубәкіров көшесі, 7 үй;

5

9.        

№ 9 Көктас сайлау округі

Көктас ауылы, Көктас ауылының клубы, Молодежный көшесі, 29 үй;

5

10.     

№ 10 Нүркен сайлау округі

Жарлы ауылы, Нүркен ауылының клубы, Машанов көшесі, 35 үй;

5

11.     

№ 11 Айнабұлақ сайлау округі

Қаракөл ауылы, Қаракөл ауылының клубы, Тың 25 жылдығы көшесі, 11 үй;

5

12.     

№ 12 Аманжолов сайлау округі

Талды ауылы, Талды ауылының клубы, Жамалиден көшесі, 12 үй;

5

Учаскелік сайлау комиссиялары - 7

 

1.        

№ 796 Техникум

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, «Балалар және жасөспірімдер орталығы» КММ, В.Рей көшесі, 50

7

2.        

№ 797 Ақтерек

Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылы, «Қарағанды облысының білім басқармасының Қарқаралы ауданы Ақтерек ауылының №26 Ахмет Байтұрсынов атындағы негізгі орта мектебі» КММ, Ленин көшесі, 46

5

3.        

№ 573 Мыржық

Қарқаралы ауданы, Мыржық ауылы,  16 үй, 1 пәтер, жеке үй

1

4.        

№578 Белдеутас

Қарқаралы ауданы, Белдеутас ауылы,  «Қарағанды облысының білім басқармасының Қарқаралы ауданы Белдеутас ауылының №52 бастауыш мектебі» КММ

2

5.        

№583 Айнабұлақ

Қарқаралы ауданы, Айнабұлақ ауылы,  «Қарағанды облысының білім басқармасының Қарқаралы ауданы Айнабұлақ ауылының №38 негізгі орта мектебі» КММ

2

6.        

№606 Қарынши

Қарқаралы ауданы, Қарынши ауылы, тұрғын үй № 20

1

7.        

№608 Қарағаш

Қарқаралы ауданы, Қарағаш ауылы, «Қарағанды облысының білім басқармасының Қарқаралы ауданы Қарағаш ауылының №28 негізгі орта мектебі» КММ

1

           

 

Қарқаралы аудандық мәслихаты