15 мамыр 2025 жылы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы мүшесінің 2024 жылға арналған аудандық, ауылдар, кенттер және ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы туралы баяндамасы тыңдалды.
Баяндамада бюджет кірістерінің динамикасы, салық салынатын база, бюджеттік бағдарламалар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпарат берілді.
Ерекше назар – анықталған бұзушылықтар мен олардың себептері, сондай-ақ оларды жою бойынша қабылданған шараларға аударылды.
Отырыс жұмысына Бұқар жырау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Берік Көпбаев, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық бөлім басшылары, ауыл, кент және ауылдық округтердің әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.
Мәслихат депутаттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, мемлекеттік активтер мен сатып алулар салаларында анықталған бұзушылықтардың себептері, қарыз жүктемесінің өсу болжамы, салық базасының әлсіздігі мен қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы нақты сұрақтар қойды, тиісті мемлекеттік мекеме басшыларының жауабын тыңдады.
Барлық ұсынылған есептер мәслихатпен назарға алынды.
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына мәселе енгізу туралы шешім жобасы депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.