Байгожин Мурат Алимовичтың төрағалығымен «Аудан мектептерінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы», «Аудан бойынша спорттың жай-күйі және спорттық іс-шараларды іске асыру туралы (спортшыларды даярлау, ауылдық жерлердегі жай-күйді талдау, балаларды, қарттарды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамту және спортқа тарту, проблемалық мәселелер)» күн тәртібімен ауданның Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы Ж. Т. Казбекова және «Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы О. Д. Цыганков жауап берді.
Барлық сұрақтар мұқият тыңдалды, ұсыныстар қабылданды, тиісті ұсыныстар әзірленді.