25 сессия

25 сессия

2023 жылғы 17 қаңтарда депутаттар тобының және аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылды.

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы " Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің бірі мәслихаттар хатшыларының лауазымын мәслихаттар төрағаларының лауазымына ауыстыру болды.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында депутаттар аудандық мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер енгізді.

Осыларды ескере отырып, "Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің жаңа құрылымы бекітілді, Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы 1 сессиясының "Аудандық мәслихаттың хатшысы туралы" шешіміне түзетулер енгізілді.

Сессияда аудандық мәслихат депутаттарымен саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден алынған ұсыныстар негізінде жаңадан құрылған, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі он үш округтік сайлау комиссияларының құрамдары сайланды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат өз шешімімен жер комиссиясының дербес құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекітті.