Кандидатпен кездесу

Кандидатпен кездесу

2023 жылғы 4 қаңтарда ZOOM режимінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат С. Б. Өтешовтың Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаттарымен сайлауалды кездесуі өтті. Кездесуге облыстың басқа аудандық және қалалық мәслихаттарының төрағалары мен депутаттары да қатысты. Кездесуде С. Б. Өтешов өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуге қатысушылар сайлауалды бағдарлама бойынша өз ұсыныстарын білдіріп, С.Б. Өтешовке алдағы сайлауда табыс тіледі.