Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық мәслихаты Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 15 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.

Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін.

 Бұқар жырау аудандық мәслихаты

 

Әли Асхат Сағадиұлы - аудандық мәслихат хатшысы.

Мәслихаттың орналасқан жері: Ботақара кенті, Абылайхан көшесі, 39.

 

Материалдарды жинауға жауапты - Амирханова Гульнар Сарбасовна, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, жұмыс телефондар: 8(72154)21276, 22209, 2 қабат.

 

Аудандық мәслихат округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:

 

р/б

Сайлау округінің нөмірі

Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері

 

Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны

1

2

3

4

 

Округтік сайлау комиссиясы – 13

1.

№1

Ботақара кенті, Қазыбек би көшесі 52, Мәдениет үйі

5

2.

№2

Ботақара кенті, Ә.Бөкейхан көшесі 7, Юрий Гагарин атындағы ЖББМ

5

3.

№3

Ғ.Мұстафин кенті, Мир көшесі 19, Мәдениет үйі

5

4.

№4

Көкпекті ауылы, Шоссейная көшесі 30, Көкпекті ЖББМ

5

5.

№5

Доскей ауылы, Асылбекова көшесі 1А, Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖББМ

5

6.

№6

Үштөбе ауылы, А.Байтұрсынов  көшесі 34, Үштөбе тірек мектебі (РО)

5

7.

№7

Қушоқы кенті, Горняцкая көшесі 14, Мәдениет үйі

5

8.

№8

Петровка ауылы, Школьная көшесі 10А, Әлкей Марғұлан атындағы ЖББМ

5

9.

№9

Доскей ауылы, Асылбекова көшесі 1, Ахмет Байтұрсынов атындағы ЖББМ

5

10.

№10

Керней ауылы, Егемен көшесі 17, ауылдық клуб

5

11.

№11

Новоузенка ауылы, Новоузенка көшесі 38, ауылдық клуб

5

12.

№12

Ростовка ауылы, Центральная көшесі 29, мәдениет үйі

5

13.

№13

Центральный ауылы, Садовая көшесі 16, ауылдық клуб

5

 

Бұқар жырау аудандық мәслихаты

 

01.01.2023