2026 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 15.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесідей мәселелер енгізіледі:
Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.
Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2026-2027 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.
Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.
Бұқар жырау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.
Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы А. Әли