2025 жылғы 29 желтоқсан күні сағат 15.00-де ZOOM режимінде Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселе енгізіледі:
- «Бұқар жырау ауданының бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
- Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы №5 «Бұқар жырау ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Мәслихат төрағасы А. Әли