Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы хабарлама

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы хабарлама

2025 жылғы  18 желтоқсан күні сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесідей мәселелер енгізіледі:

Аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі туралы.

2026-2028  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.

Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.

2026-2028 жылдарға арналған ауданның ауылдары, кенттері, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы.

Басқа да мәселелер.

  

Мәслихат торағасы                                              А. Әли