Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің назарына

Саяси партиялар мен қоғамдық  бірлестіктердің назарына

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес,  сайлау комиссияларының құрамдарынан кейбір мүшелердің мерзімінен бұрын шығуына байланысты, Бұқар жырау аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қосымша сайлауды өткізеді.

Әрбір саяси партия, қосымша сайлау тағайындалған тиісті сайлау комиссиясының құрамына, бұрын ұсынылмаған бір кандидатурасын ұсынуға құқылы. Мәслихат белгілеген, кемінде он бес күн болуға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

Ұсынылған кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 2-1, 10-тармақтарына және 20-бабының 12-тармағына сәйкес болулары тиіс.

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған қалыптастыратындарға қатысты сайлау комиссиялары осы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап он бес күн ішінде мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

            2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) мекен-жай ақпаратын беруге келісім беру.

Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.        

Мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс.  

Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау: 2025 жылдың 17- қарашасынан 01 желтоқсан күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағаты 13.00-ден 14.30-ға дейін, индексі 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39  «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайы бойынша жүзеге асырылады. Электрондық пошта мекенжайы bgrmaslihat@mail.kz.

Аудандық мәслихат төрағасы - Әли Асхат Сағадиұлы.

Материалдарды жинауға жауапты - Амирханова Гульнар Сарбасовна, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, тел: 8(72154)21276, 22209.

Аудандық мәслихат округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған мүшелердің орнына қосымша сайлау өткізілетінін хабарлайды:

р/с

Сайлау учаскесінің нөмірі

 

Сайлау учаскесінің орналасқан жері

Сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің саны

1.

№1 округтік сайлау комиссиясы

Ботақара кенті

1

2.

№2 округтік сайлау комиссиясы

Ботақара кенті

1

3.

№8 округтік сайлау комиссиясы

Тұзды ауылы

1

4.

№9 округтік сайлау комиссиясы

Доскей ауылы

2

5.

№13 округтік сайлау комиссиясы

Гагаринское ауылы

1

6.

№420 учаскелік сайлау комиссиясы

Ботақара ауылы

1

7.

№421  учаскелік сайлау комиссиясы

Көкпекті ауылы

1

8.

№424 учаскелік сайлау комиссиясы

Тоғызқұдық ауылы

2

9.

№427 учаскелік сайлау комиссиясы

Доскей ауылы

1

10.

№429 учаскелік сайлау комиссиясы

Құрылыс ауылы

2

11.

№431 учаскелік сайлау комиссиясы

Атамекен ауылы

1

12.

№433 учаскелік сайлау комиссиясы

Шешенқара ауылы

2

13.

№441 учаскелік сайлау комиссиясы

Ақөре ауылы

1

14.

№444 учаскелік сайлау комиссиясы

Қушоқы кенті

2

15.

№445 учаскелік сайлау комиссиясы

Тұзды ауылы

2

16.

№448 учаскелік сайлау комиссиясы

Центральный ауылы

1

17.

№450 учаскелік сайлау комиссиясы

Гагаринское ауылы

1

18.

№460 учаскелік сайлау комиссиясы

Асыл ауылы

1

19.

№ 464 учаскелік сайлау комиссиясы  

Новоузенка ауылы

1

 

               Сайлау комиссиялары мүшелерінің толық тізімі, қай партиядан, қоғамдық бірлестіктен немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсынылғаны көрсетіле отырып, «Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ресми ақпараттық порталында (https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-buhar-zhyrau/press/article/details/111724?lang=kk) орналастырылған.