Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау жөніндегі қосымша конкурс туралы хабарландыру

Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау жөніндегі қосымша конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 28 наурыздағы № 112 НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік  ережесіне сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңестің мүшесін сайлау бойынша бұрын сайланған мүшесінің шығып қалғанына байланысты қосымша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушылар «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сай болуы қажет.

Бұқар жырау ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесін сайлау жөніндегі қосымша конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері «Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты» ММ жеке өзі немесе электрондық мекенжайына келесі құжаттарды:

1)  кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1,2 қосымша);

2)  өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3)  сотталғандығың болуы не болмауы туралы анықтама;

4)  психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты  бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Бұқар жырау ауданының қоғамдық кеңесі мүшесін сайлау бойынша қосымша конкурсқа құжаттар тапсыру мерзімі:

2025 жылдың 14 қазанынан бастап 2025 жылдың 29 қазанына дейін (қоса алғанда).

Конкурсқа құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады:

Ботақара кенті, Абылайхан көшесі 39-үй, сондай-ақ электронды– bgrmaslihat@mail.kz   поштасы мекен-жай бойынша .

Анықтама үшін телефон 8 (72154) 22209

 

        Жұмыс тобы