Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы хабарлама

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру туралы хабарлама

2025 жылғы  25 қыркүйек  күні сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Бұқар жырау аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесідей мәселелер енгізіледі:

Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.

Ауданның әлеуметтік мәдени-тұрмыс объектілерінің және коммуналдық тұрғын үй қорының 2025-2026 жылдағы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы.

Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, кенттер,

ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы.

Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің орындалу барысы туралы.

Әлеуметтік сала, ішкі саясат және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі туралы.

Басқа да мәселелер.

 

Мәслихат төрағасы                                              А. Әли