
2024 жылғы 17 мамырда Бұқар жырау ауданында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына «Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жағдайы туралы: мәселелер және оларды шешу жолдары» мәселесін дайындау шеңберінде облыстық мәслихаттың уақытша жұмыс тобы құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары Р. Әбдікеров, Ж. Серікұлы және Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы А.Әли жұмыс жасады.
Жұмыс тобы жұмыс барысымен «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Ботақара кентіндегі «Руханият» қосымша білім беру орталығында және Тоғызқұдық ауылындағы «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, осы мәселе бойынша олардағы жұмыстың ережелерімен танысты және педагогикалық ұжымдармен кездесті.