Меню
Страницы

Қарақұдық ауылының тұрғындарымен кездесу

Қарақұдық ауылының тұрғындарымен кездесу

2024 жылғы 16 қазанда бекітілген кестеге сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы А. Әли Қарақұдық ауылына болды. Сапар барысында мәслихат төрағасы ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуде мәслихат төрағасы қатысушыларды осы айдың басында Астанада өткен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы туралы хабардар етіп, онда ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәслихаттардың өңірлерде реформалар жүргізудегі ерекше рөлін атап өтті, сондай-ақ бірқатар жалпыұлттық міндеттер белгіленді.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың форумда сөйлеген сөзінде Парламент пен мәслихат депутаттарының бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында А. Әли қатысушыларға осындай форумдарды өткізу мәслихат депутаттарына жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу бойынша өкілді биліктің функцияларын іске асыруға жәрдемдесетінін айтты.
Кездесу соңында Бұқар жырау аудандық мәслихатының төрағасы А. Әли азаматтарды жеке қабылдады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері