
Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының 49-сессиясы
Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының кезекті 49-сессиясы өтті. Сессия жұмысына Бұқар-Жырау ауданының әкімі Құсайын Е.Б. қатысты.
Сессия жұмысына сондай-ақ аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Сессияға дайындық аясында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, онда күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала қаралды. Қаралған мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың ақпараттары тыңдалып, депутаттар сұрақтар қойып, ұсыныстар мен ұсынымдарын білдірді.
Сессия барысында депутаттар аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін, әлеуметтік сала нысандары мен коммуналдық тұрғын үй қорының 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындығын, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды ұйымдастыру мәселелерін қарады.
Сонымен қатар ауданның даму жоспары мен бюджетіне, мәслихаттың жекелеген шешімдеріне өзгерістер енгізуге, тиісті комиссиялар мен органдардың құрамына қатысты, сондай-ақ «Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекітуге қатысты мәселелер қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жауапты тұлғаларға қажетті ұсынымдар беріліп, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.
Қабылданған шешімдерді іске асыру және сессияда қаралған мәселелердің орындалуы депутаттық корпус тарапынан бақылауда болады.