
Алдағы жылыту маусымына әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық нысандардың дайындығы мәселесін сапалы қарастыру мақсатында аудандық мәслихаттың жұмыс тобы аудандағы жылу беру нысандарына бару жұмыстарын жалғастыруда.
Көшпелі кездесулер барысында нысандардың қазіргі жағдайы, қысқы кезеңге дайындық барысы, жабдықтардың әзірлігі және жылумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар зерделенуде.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Нысандарға бару және жағдайды талдау қорытындысы бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі аудандық мәслихат отырысында қаралатын болады.