Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс ІХ сессиясы

2023 жылғы 27 қарашада қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті, онда сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Сондай-ақ, сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың ІХ кезектен тыс сессиясы өтті. Оған қала әкімі С. Сатаев, әкімнің орынбасарлары, бөлімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Сессияда депутаттар мәселелерді қарады:

  1. Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №19/140 "2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы"шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №19/141 "Гүлшат және Саяқ кенттерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.